Инфляцияны тежейтін құрал жоқ – Олжас Құдайбергенов

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта инфляцияны тежейтін құрал жоқ деуге болады. Мұндай пікірді CSI аға серіктесі Олжас Құдайбергенов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Қазіргі уақытта таяу жылдың ішінде инфляцияны тежей алатын құрал жоқ деуге болады. Себебі, инфляцияның басым бөлігін сырттан импорттап отырмыз», - деді ол Стратегиялық бастамалар форумы аясында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сарапшы бір жылдан кейін жағдайдың өзгеруі мүмкін екендігін жоққа шығармады.

«Дегенмен, бір жылдан кейін инфляцияны тежеуге бағытталған құралдар саны арта түсуі мүмкіндігі бар. Ең басты құрал – бұл импортталатын тауарларды өзімізде шығару көлемін арттыру немесе ақша нарығын – пайыздық мөлшерлемені, теңге бағамын тұрақтандыратын іс-шаралар жасау. Алайда, бұл үшін реформалар жүзеге асырылуы тиіс», - деді Олжас Құдайбергенов.


Соңғы жаңалықтар