Инфляцияның деңгейі төмендеді

АЛМАТЫ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Инфляцияның жылдық деңгейі сәуір айында 7,1 пайызды құрады.
None
None

Ұлттық банк төрағасы бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция сәуір айында 0,7 пайыз болды. 2009 жылдың сәйкес мерзімінде бұл 0,8 пайызды құраған болатын. Айтарлықтай үлкен өзгеріс жоқ. Иифляция жылдық көрсетуде алдыңғы аймен салыстырғанда 0,1 пайызға төмендеп, 7,1 пайыз болды", дейді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко. Сәуірде азық-түлік тауарлары - 1 пайыз, азық-түлікке жатпайтын тауарлар және ақылы қызмет көрсету 0,4 пайыз өсті. Баға ең көп дәрежеде азық-түлік тауарлары нарығында жеміс-көкеніс өнімдерінде - 3,5 пайыз, жұмыртқада - 2,7 пайыз шайда - 2,2 пайыз, кондитор бұйымдарында 1,6 пайызға қымбаттады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында: цемент - 1,7 пайыз, темекі бұйымдары 1,2 пайызға өсті. Ал тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету саласында қоқысты жинағаны, тұрғын үйді ұстау үшін ақы төлеу - 1,3 пайыз, электр энергиясы мен ыстық су 0,2 пайызға көтерілді.

Соңғы жаңалықтар