ИНФОГРАФИКА: Қазақстандықтар 2015 жылға арналған ҚР Президенті Жолдауындағы ел назарына түскен тезистерді атады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауындағы ел назарына бірден ілінген, есте қаларлық сөйлемдерді атады.
Қазіргі заманғы даму институты 2015 жылға арналған ҚР Президентінің жаңа Жолдауына қатысты халық арасында жүргізген сауалнамада респонденттердің 76 пайызы әлеуметтік төлемдер мен зейнетақының сақталуы туралы шешімге қолдау танытқан. Сонымен қатар, арендалық тұрғын үй туралы жаңа бағдарлама жасауға қатысушылардың 72 пайызы оң пікір білдірсе, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру аясында 200 мың жаңа жұмыс орнын ашу туралы тезистер халық көңілінен шыққан.
Айта кетейік, сауалнаманы 12-16 қараша аралығында Қазіргі заманғы даму институты жүргізді, оған еліміздің барлық аймағынан, ауыл, қала тұрғындарынан 600 адам қатысты.