ИНФОГРАФИКА: Сауалнамаға қатысушылардың 97,3% Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында көрсетілген шараларды қолдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі заманғы даму институты Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауына қатысты Қазақстан халқы арасында сауалнама жүргізді.
Қатысушылардың 97,3% Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында көрсетілген шараларды қолдайтынын Сауалнама көрсетті.
Сонымен қатар, сауалнамада қазақстандықтар «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының жүзеге асуы мемлекетімізге қандай пайда әкелетіні туралы пікір білдірген. Респонденттердің жауабы инфографикада келтірілді. Айта кетейік, тұрғындар арасындағы сауалнаманы 2014 жылдың 12-16 қарашасында Қазіргі заманғы даму институты жүргізді. Елдің барлық аймағындағы елді мекендер мен қалаларында тұратын 600 адам сауалнамаға қатысты.