Ингушетия басшысының кортежі көлік апатына ұшырады, бірнеше адам қаза тапты

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - Ингушетия басшысы Юнус-Бек Евкуровтың көлігі жол-көлік апатына ұшырады, қаза болғандар бар.

Ингушетия басшысының кортежі көлік апатына ұшырады, бірнеше адам қаза тапты

Бұл туралы телефон бойынша республиканың қарулы күштері хабарлады, деп жазды Утро. ру.

«Әзірде қолда бар ақпарат бойынша, шамамен 1 сағат бұрын республика басшысы кортежінің жанында жүретін полициялық «Тойота Камри» көлігі жол бермеген жеңіл көлікті соғып өтті. Алдын ала болжам бойынша жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы қаза болды», - деп хабарланды.