Ингушетия президенті Евкуровтың беті бері қарап келеді

МӘСКЕУ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - Ингушетияның Мәскеудегі өкілетті өкілі хабарлағанындай, Ингушетия президенті Юнус-Бек Евкуровтың хал-жағдайында оң өзгеріс барысы байқалады. Қазіргі уақытта президент Вишневский атындағы хирургия институтында жатыр,

       Ингушетия президенті    Евкуровтың беті бері қарап келеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Евкуров Ингушетияда маусымның 22-сінде қатты жарақат алған болатын. Президент кортежіне ішіне қопарғыш зат толтырылған машина келіп соқтығысқан еді.