21:12, 28 Қазан 2009 | GMT +5
Ингушетия президенті Ю.Евкуров ертең Қазақстандағы ингуш диаспорасының өкілдерін қабылдайды
АНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін Қазақстан Республикасына сапармен келген Ингушетия президенті Юнусбек Евкуров қазанның 29-да Қазақстандағы ингуш диаспорасының өкілдерін жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Бұл жайында Ю.Евкуров Бейбітшілік және келісім сарайында өткен ингуш диаспораларының өкілдерімен кездесуде айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ертең күні бойы Астанада боламын. Сауалдарыңыз болса маған келулеріңізге болады. Мен сіздердің барлық сұрақтарыңызға оң жауап беремін деп айта алмаймын. Дегенмен, сіздер өздеріңізді толғандыратын сауалдарға жауап аласыздар», деді Ингушетия Президенті.