Ингушетия президентіне қастандық жасалды
МӘСКЕУ. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең, сағат 8:40 шамасында Ингушетия президентіне қастандық жасалды. Оқиға «Кавказ» трассасында президент Юнус-Бек Евкуровтың кортежі резиденциясы орналасқан Магасқа жақындап қалған сәтте орын алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Жарылыс салдарынан Ю.Евкуров ауыр жарақат алды. Қазіргі сәтте Ингушетия басшысы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, оны операция жасауға даярлауда. Оның інісі Увайс, онымен бірге үш күзетші мерт болды, төрт адам жарақат алды. Бүгін Ингушетияға төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағы келіп, Юнус-Бек Евкуровты Мәскеуде емдеу үшін алып кетеді.