Ингушетияда адам өлтіргені үшін 10 жыл бұрын іздеу салынған қылмыскер Қазақстанда қолға түсті
АСТАНА. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - 10 жыл бұрын Ингушетия Республикасында адам өлтіргені үшін іздеу жарияланған қылмыскер Павлодар облысында құрықталды.
Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция комитетінің төрағасы Сұлтан Күсетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы облысының азаматы атына жасалған жалған құжаттарды пайдаланып, құқық қорғаушылардан жасырынып жүрген ол қарашаның 18-і күні Павлодар облысында ұсталды.