Ингушетияда әуежайға шабуыл жасалды

АСТАНА.  Қыркүйектің  15-і. ҚазАқпарат -    Сейсенбіге  қараған бүгінгі түні  белгісіз біреулер   Ингушетияда   «Магас»  әуежай  ғимаратына  гранатометпен  шабуылдады,

Ингушетияда әуежайға    шабуыл жасалды

оқиға салдарынан   қосалқы   жайлардың бірінде  өрт   шықты,  деп   хабарлады  Ингушетияның Сыртқы  істер министрлігінің баспасөз   қызметінің   өкілі  телефонмен «РИА «Новости» агенттігіне.

Оқиға    мәскеу уақыты  бойынша сағат 23.45-те  болды.  Белгісіз біреулер Орджоникидзевская  стансасындағы  әуежай  ғимаратына  автоматтан  және   гранатометтен оқ жаудырды.       Оқиға салдарынан  қосалқы жайлардың бірінде болған   өрт   біраз  уақыттан кейін ауыздықталды»,  деп   хабарлады   дерек көз.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілінің айтуынша,   шабуыл салдарынан  ешкім зардап шекпеген.    Дерек көз сондай-ақ, әуежай аумағынан  жарылмай  қалған     гранатомет  оқтұмсығы  табылғанын     хабарлады.  «Қазір оқиға орнында саперлар жұмыс істеуде»,-   деп  атап көрсетті ведомство өкілі.