Ингушетияда бомба салынған машиналар іздестірілуде
АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Ресми емес деректер бойынша Ингушетияда құқық қорғау органдарының қызметкерлері лаңкестік актісін жасау үшін пайдалануға ниеттеніп отырған лаңкестердің бірнеше автомобильдерін іздестіруде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Республиканың құқық қорғау органдары хабарлағанындай, әңгіме ықтимал үш лаңкестік оқиғасы туралы болып отыр. Ресми емес деректер бойынша, іздеуде «Волга», «Тойота» және «КамАЗ» автокөліктері бар. Құқық қорғау органдары орналасқан үйлерді қоса алғанда ведомстволық мекемелер орналасқан үйлер күшейтілген күзетке алынған.