Ингушетияда милиционерлер мінген көлік жарылды, үш адам қаза тапты
Қазір оқиға орнына тергеу-жедел тобы аттанды.
Ингушетияның президенті Юнус-Бек Евкуров бұған дейін республика халқын әзірленіп жатқан лаңкестік әрекеттер туралы ескерткен болатын. Құқық қорғау құрылымдарының мәліметтері бойынша, республикаға бүлікшілік әрекеттер жасау ниетімен бірнеше жанкешті-лаңкес келген. Олар үш жеңіл автокөлікті, екі жүк көлігін және жарылғыш зат толтырылған 5 тонналық теміржол контейнерін көмекші құралдар ретінде қолдануы ықтимал екені де хабарланды.
Республика басшысы сондай-ақ, «әрбір ауланы тексеру» қажет екенін атап көрсетіп, бұған тұрғындардың түсіністікпен қарайтынына үміт артты. Қазіргі уақытта әр елді мекенде мүфтият пен қоғамдық ұйым өкілдерінен комиссия құрылуда, олар үй-үйді аралап, аулаларды тексеріп шықпақ.