Ингушетияда отандастарын тарихи атамекеніне қайтаруға арналған арнайы бағдарлама жоқ - Ингушетия президенті Ю.Евкуров

АНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ -  Ингушетия Республикасында отандастарын тарихи атамекеніне қайтаруға арналған арнайы бағдарлама жоқ. Бұл туралы бүгін Ингушетия президенті Юнусбек Евкуров елордада Қазақстандағы ингуш диаспорасымен кездесуі барысында мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол өз сөзінде көптеген ингуш азаматтарының республика басшыларынан оларды тарихи отандарына көшіріп алуға арналған арнайы бағдарлама бар екендігін алға тартып, көмек сұрайтындығын атап өтті. Осыған орай Ингушетия басшысы өз еліндегі экономикалық жағдайларға орай отанына оралғысы келетін барлық қандастарына жер мен үй беруге мүмкіндіктері жетпейтіндігін жеткізді.

«Кейбіреулер айтып жүрген, ондай бағдарлама жоқ. Дегенмен, мемлекет отанына оралғысы келген азаматтың үй сатып алуына аз мөлшерде болса да қаражат береді», деді Ю.Евкуров.
Сонымен қатар, оның айтуынша, Ингушетияның даму бағдарламасына орай 2016 жылға дейін 100-ге тақау әртүрлі мақсаттағы нысандарды салуға бөлінген 32 миллиард рубль республиканың экономикалық жағдайына оң әсерін тигізеді. Сондай-ақ ел үкіметі халықтың тұрмысын жақсарту мақсатында жыл сайын салықтан түсетін қаражаттың бір бөлігін Ингушетияның барлық аудандарындағы сумен жабдықтау нысандарына жұмсамақ.

Соңғы жаңалықтар