Ингушетияда жанкешті жол бекетіндегі тәртіп сақшыларына шабуылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ингушетияда жанкешті жол бекетіндегі тәртіп сақшыларына шабуылдады. Жанкешті-террористің шабуылынан соң жол бекетінің екі қызметкері жараланды. Бұл туралы ТАСС агентігіне аталмыш елдің құқық қорғау органдарындағы дереккөзі хабарлаған, деп жазады lenta.ru.
None
None

Оқиға орнынан түсірілген көріністер dux_ingushetii Instagram аккаунтында жарияланған.

Журналистерге сұхбат берушінің айтуынша, төтенше жағдай республиканың Яндаре Назрань ауданындағы елді мекендердің бірінде болған. Зардап шеккен инспекторлар ауруханаға жеткізілді. Кейбір мәліметтерге қарағанда, олардың біреуі алған жарақаттарынан қайтыс болған.

«Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, зардап шеккендер екеу емес үшеу. Террористің болуы мүмкін серігі оқиға болған аймақтағы жекелеген тұрғын үйлердің біріне жасырынған. Оны ұстау бойынша тиісті шаралар жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар