13:48, 03 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Ингушетиядағы жарылыс салдарынан милиционер-кинолог қаза тапты
АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат - Ингушетияның Назрань ауданындағы Экажево ауылы маңындағы алқапта жергілікті жерді зерттеу барысында милиционер-кинолог белгісіз құрылғының жарылысына тап болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Республиканың ІІМ хабарлағанындай оқиға бүгін Мәскеу уақытымен сағат 9:00-де орын алған. Шұғыл қызметкерлердің деректері бойынша, алған жарақаттан милиционер қаза тапқан. Тергеу жүргізілуде.