Ингушетиялық альпинист әйел Эверест шыңына Сочи Олимпиадасы ойындарының жалауын қадады

АСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат - Ингушетияның тарихындағы тұңғыш альпинист әйел Лейла Албогачиева әлемдегі ең биік Эверест шыңын бағындырды.

Ингушетиялық альпинист әйел Эверест шыңына Сочи Олимпиадасы ойындарының жалауын қадады

Ингушетия үкіметінен хабарлағандай, ол осымен екінші мәрте Эверестке көтерілген. Бірақ бұл жолы сапарға жалғыз шыққан.

Әлемнің ең биік нүктесіне Лейла Албогачиева 2014 жылы Сочи қаласында өтетін Олимпиада ойындарының жалауын қадады.