Інісін компьютер ойынындағы құбыжықпен шатастырып, өлтіріп алған - АҚШ
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та он сегіз жастағы Коди Метцкер-Мэдсен компьютердегі ойындарға елтігені соншалық, өзінің інісі бес жасар Доминик Элкинсті гоблинға санап, өлтіріп тастаған. Бұл туралы ол бейсенбі күні америкалық Логан (Айова штаты) қаласында өткен сот отырысында айтты.
Қайғылы оқиға өткен жылдың жазында болған. Ағайынды Метцкер-Мэдсен мен Элкинс аулада ойнап отырған. Кенет ағасы інісін кірпішпен ұрып, одан кейін оны көлге батырып жібірген.
Сот кезінде Метцкер-Мэдсен өзі әуес болған бейнеойындардың кесірінен «қиялдағы әлемге түсіп, көзіне түрлі дүниелер елестейтінін» айтты. Қылмысты жасау кезінде ол інісін емес, «жексұрын жасыл гоблинді» өлтіріп жатқанына сенімді болған.