Инкассатор 30 млн рубльмен жоғалып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Петерборда полицейлер қызметтік автомобильде ірі сомадағы ақшамен банктердің бірінің инкассаторы жоғалып кеткен оқиғаның мән-жайын анықтауда, деп хабарлады дүйсенбіде «Интерфаксқа» өңірлік ІІМ басшылығының баспасөз қызметінен.

 Инкассатор 30 млн рубльмен жоғалып кетті

«Дүйсенбі сағат 8.00-де полицияға айналма канал жағалауы маңынан қызметтік көлікпен инкассаторлық ұйым қызметкері жоғалғаны туралы хабарлама түсті», - деді агенттіктен сұхбат беруші.

БАҚ деректеріне сүйенсек, «Открытие» банкінің көлігімен жоғалған 50 жастағы қызметкер Петерборда отбасымен бірге тұратын Кемеров облысының тумасы.