18:24, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
Инкассаторды тонап, екі миллион рубль ұрлағандар тұтқындалды
МӘСКЕУ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат – Мәскеуде 2008 жылдың желтоқсанында «Южный двор» жеке күзет кәсіпорнының инкассаторларына шабуыл жасап, екі миллион рубльден астам ақшаны ұрлап әкеткен деген барлық жеті күдікті тұтқындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Қарақшылардың үшеуі бұрынғы милиция қызметкерлері болып шыққан, олардың екеуі қылмыстарын мойнына алды. Ал біреуінің пәтерінен қару табылды. Бүгінгі таңда олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.