Инкассаторларға шабуыл жасап, 54 млн долларды алып кетті

АСТАНА. 29 қазан. ҚазАқпарат - Тақтан түскен көсем Муамар Каддафидің туған қаласы Сиртке қаруланған адамдар инкассаторларға шабуылдады.

Инкассаторларға шабуыл жасап, 54 млн долларды алып кетті

Инкассаторлар көлігі елдің орталық банкіне ақша әкетіп бара жатқан. Олар Триполиден қалаға ұшақпен жеткізілді.

Ұрлаушылар бағалы жүк туралы білген тәрізді - олар минивэнді әуежайдан бастап аңдып, сәті келгенде оған тас жолда шабуылдаған. Көлікте ере жүрген бірнеше күзетші 10 қарулы тонаушыға қарсылық көрсете алмады.