Инклюзивті білім алуға тиіс 237 мың бала бар – Президент инфрақұрылымды дамытуды тапсырды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда инклюзивті білім алуға тиіс 237 мыңнан астам бала бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдерге ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған инфрақұрылымды дамытуды тапсырды.
Президенттің айтуынша, соңғы жылдары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың саны артып келеді. Сондықтан бұл мәселеге айрықша назар аудару қажет.
– Үкімет әкімдермен бірлесіп, осы салаға қатысты инфрақұрылымды дамытуға тиіс. Ауқымды құрылысты жүргізу кезінде бұл бағыт назардан тыс қалмауы қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Халыққа арналған Жолдауында.
Мемлекет басшысы маман тапшылығын азайту және балалардың даму ерекшеліктеріне қатысты диагноздарды ерте жастан анықтау жұмысын жүйелі түрде жүргізу керегін атап өтті.
Сонымен бірге, Президент бұл бағыттағы жұмыстарға «Қазақстан халқына» қоры белсенді атсалысуы керектігін айтты.
Бұған дейін Президент Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алған еді.
https://kaz.inform.kz/news/tokaev-kazakstannin-tranzittk-aleuetn-singa-aldi-ba3b85cd/
Сондай-ақ Президент орынсыз шығынды болдырмау үшін ЖИ пайдалануды ұсынды.
https://kaz.inform.kz/news/prezident-orinsiz-shigindi-boldirmau-ushn-zhi-paydalanudi-usindi-c2d4fce6/