16:35, 06 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Инновация саласын дамытуда бұрынғы мен бүгінгі күнді ұштастыра білу маңызды - Үкімет басшысы К.Мәсімов
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Инновацияны дамытудың жаңа нарықтық ұстанымдары мен мемлекеттің инновацияны дамытудағы осыған дейін қол жеткізген жетістіктерін үйлестіре білу - біздің болашақта шешуіміз қажет маңызды мәселелердің бірі.

Бұл туралы бүгін Президенттік инновациялық клубтың алғашқы отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.
Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, Кеңес Одағының тұсында инновацияны дамыту әскери өнеркәсіп кешенімен тікелей байланысты болатын. Өйткені ол жүйенің әскери өнеркәсіп кешені белгілі бір деңгейде бәсекеге қабілетті еді. Осыған қарай қазақ жерінде де әлем бойынша бәсекеге қабілетті бірқатар инновациялық салалар пайда болды. «Осы себепті біздің бүгінгі мақсатымыз инновация саласындағы бұрын болған және қазіргі қолда бар мүмкіндіктерді ұштастыра білу»,-деп атап көрсетті Премьер-Министр.