Инновация саласында үздік материалдар дайындаған журналистер марапатталды

Байқау қорытындысы бойынша, «Айқын» басылымының тілшісі Айхан Шәріптің «Инновациялық экономика құру - жалпыұлттық өрлеу идеясы» атты мақаласы қазақ тіліндегі ең үздік мақала деп танылды. Ал орыс тіліндегі үздік жарияланым бойынша жүлде «Деловой Казахстан» басылымының тілшісі Ирина Лисстің «Катализатор масштабных реформ» атты мақаласына берілді. Интернеттегі үздік материал аталымы «Қазақ ақпарат агенттігінің» тілшісі Марлан Жиембайдың «Ылғал сақтайтын технология жерден мол өнім алуға мүмкіндік береді» атты мақаласы үшін, ал орыс интернеттегі үздік материал жүлдесі осы агенттіктің тілшісі Серік Сабековтің «В текущем году НИФ планирует создать два венчурных фонда» атты мақаласы үшін берілді.
Сондай-ақ қазақ тіліндегі үздік радиобағдарламаны қазақ радиосынан Ләззат Ноғайбай, орыс тіліндегі үздік радиобағдарламаны қазақ радиосынан Шолпан Найманбаева, қазақ тіліндегі үздік телесюжетті «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан Жазира Досмағамбетова, орыс тіліндегі үздік телесюжетті жетінші арнадан Бауыржан Шурманов дайындаған деп танылды.