«Инновациялы Қазақстан» байқауында жеңіске жеткен екі жаңашыл жас білім алу үшін 5 миллион теңгеден грантқа ие болады

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - «Инновациялы Қазақстан» байқауында жеңіске жеткен екі жаңашыл жас білім алу үшін 5 миллион теңгеден грантқа ие болады. Бүгін елордада аталған конкурстың эксперттік кеңесінің бірінші отырысы өтті.
None
None

«Инновациялы Қазақстан» республикалық байқауы ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталған болатын. Қазіргі уақытта байқауға түскен 806 жобаның 56-сы іріктелініп алынды. Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, студенттер тарабы белсенді қатысуда. Сонымен қатар мектеп оқушылары мен жас кәсіпкерлер де өз еңбектерін жіберуде.

«Әлеуметтік идея» және «Технологиялық серпін» аталымдары бойынша өтіп жатқан байқауға түскен жобалардың ішінде бірқатар назар аудартатын еңбектер бар. Мәселен, құрамында майы бар қалдықтардан биологиялық дизель отыны өндірісі, еліміздегі бірінші студенттер телеарнасын ашу, жедел медициналық жәрдем автокөлігі спутнигі мониторингінің жалпы республикалық орталығын құру сынды жобалар конкурстық комиссия мүшелерінің назарына ілініп отыр.

Өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар