Инновациялық даму аймақтық саясатпен тығыз байланысты - Әсет Исекешев

;АЛМАТЫ. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Инновациялық дамуда әкімдіктер мен аймақтық технопарктер маңызды рөл атқарады, ол аймақтық саясатпен тығыз байлансты.

 Инновациялық даму аймақтық саясатпен тығыз байланысты  - Әсет Исекешев

Бұл бүгін Алматы қаласының І Инновациялық конвентінде сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Инновациялық даму аймақтық саясатпен тығыз байлансты және онда әкімдіктер мен аймақтық технопарктер маңызды рөл атқарады. Елде технопарктердің жұмысында жағымды мысалдар жеткілікті Қаржылық дағдарысқа және кәсіпкерлік белсенділіктегі кейбір төмендеулерге қарамастан. Мәселен Қарағанды облысындағы "UniScientech" технопаркі 37 инновациялық жоба бойынша жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің жанындағы технопарк те өте белсенді. Ол химиялық өндіріспен, құрылыс материалдарымен аналысуда", дейді Премьер-Министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев. Оның айтуынша, биыл мемлекет бұл технопаркті дамытуға 500 миллион теңге бөліп отыр. Үдемелі инновациялық индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында технопарктердің шығындарын жабу үшін жыл сайын 180 миллион теңге бөлу қарастырылған болатын.