Инновациялық дамуды құқықтық қамтамасыз ету мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтеді

АЛМАТЫ. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 10- желтоқсан күні «Қазақстанның инновациялық дамуын мемлекеттік-құқықтық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болады.

Инновациялық дамуды құқықтық қамтамасыз ету мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтеді

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған бұл шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы ұйымдастырып отыр. Оған Қазақстанның және шет мемлекеттердің заң саласының ғалымдары, ғылыми-зерттеу институттарының мамандары, мемлекеттік органдардың, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен РһD докторанттары қатысады. Бұл алқалы жиында мына мәселелер талқыланбақ - Қазақстанның инновациялық дамуын мемлекеттік-құқықтық қамтамасыз етудің теориялық, тәжірибелік және тарихи мәселелері. Егеменді Қазақстанның инновациялық дамуының шарттары ретінде Қазақстан қоғамының құқықтық-өнегелік патриоттық тәжірибелеудің мәселелерін өзектілендіру. Дәстүрлі кезеңдегі қазақтардың құқықтық құндылықтарда, идеяларда, құқық нормаларын қолдану негізінде Қазақстан қоғамының құқықтық мәдениетін қалыптастыру». Қазақстан және шет елдерінің инновациялық дамуын мемлекеттік басқарудың конституциялық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық және қаржылық-құқықтық негіздері. Инновациялық процестерді реттеудің құралы ретінде мемлекеттік органдардың заң шығармашылық және құқық-қолданушылық тәжірибені дамытудың мәселелері. Мемлекеттік құрылыс жүйесінде парадигма ауысуының жағдайында азаматтық құқықтардың жүзеге асырылуының концептуалды негіздері. Азаматтық қоғам институттарының дамуының құқықтық мәселелері.