Инновациялық қызметті қолдау шаралары бойынша аймақтық семинарлар өтті
ТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Шымкент және Петропавл қалаларында инновациялық қызметті қолдау шаралары бойынша аймақтық семинарлар өтті.
Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен «Ұлттық инновациялық қор» АҚ ұйымдастырып отыр. Шара барысына Қор Басқарма төрағасының кеңесшісі Несіпбала Ермекова, Инновацияны қолдау сервистік құралдарды әкімшілендіру орталығы директорының орынбасары Дәурен Мұратбеков және жоғары оқу орындарының өкілдері мен өнертапқыштар қатысты.
Жиын барысында «Өнімділік-2020» бағдарламасының негізгі бағыттары талқыланып, технологияларды коммерциализациялау жайында да әңгіме өрбіді. Жобалық қаржыландыру жөнінде мәселелер көтеріліп, инновациялық қызметті қолдау шаралары бойынша негізгі бағыттарды түсіндіру жұмыстары жалғасты.