Инновациялық жобалардың халықаралық ІІІ HackDay байқауы басталды - Алматы

АЛМАТЫ. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін халықаралық HackDay байқауы басталды.
None
None

Мұнда Қазақстанның барлық аймақтарынан 1000-нан астам бағдарлама жасаушылар, дизайнерлер, өз ісін жаңадан бастаған режиссерлер мен медиа мамандары бас қосты.

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Августина Адольфтың айтуынша, екі күндік шара кезінде кез келген адам инвесторлар назарын өз идеясын жүзеге асыруға тарта алады. Бұл үшін оларға 24 сағат ішінде жобалар, роликтер, фильмдер және тағы басқа сервистік өнімдер жасап шығаруға мүмкіндік беріліп, барлық жағдай жасалады. Тек қолыңнан қандай іс келетінін дәлелдеп, оған өзгелердің көзін жеткізуің керек.

«Байқау жұмысы 3 секция бойынша жүреді. Біріншісі, идеядан прототипке дейінгі IT секциясы. Ол бағдарлама жасаушы немесе қосымшаларды әзірлеушілерге арналған. Екіншісі, контент және медиа. Онда сайт ашушылар мен қандай да бір сервис, блог және өзге де қызықты жобаны ойлап табушылар бас қосады. Үшіншісі, кино және бейне. Онда интернетке қатысты кез келген тақырыптағы шығармашылық жұмыстар (роликтер, бейнеблогтар, қысқа метражды фильмдер, вирустық бейне) көрсетіледі», - дейді А.Адольф. Оның сөзіне қарағанда, бұл байқауға қатысып, инвесторлар тарту арқылы өз идеясын жүзеге асырушылар саны жыл өткен сайын артып келе жатыр. Нарықта бұрын болмаған жаңа өнімдер саудаға шығарылуда. Соның бірі - жұмыс кезінде қайта-қайта тілін ауыстырмастан бірден қазақ тілінде теруге мүмкіндік беретін компьютер клавитуралары. Оның тапсырыс арқылы Қытайда жасалған алғашқы партиясы осы жиын кезінде жұртшылық назарына ұсынылғалы отыр.

Соңғы жаңалықтар