14:27, 08 Қараша 2020 | GMT +6
Инсайдер: Головкин желтоқсан айында IBF титулын қорғайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат– IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35КО) желтоқсан айында чемпиондық белдігін қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат essentiallysports-қа сілтеме жасап.
The Athletic инсайдері Майк Коппинджердың айтуынша, DAZN стриминг компаниясы «GGG» мен Шеремета жекпе-жегін 18-19 желтоқсанда өткізуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Камил Шеремета (21-0-0,5 КО) орта салмақтағы IBF титуылының міндетті қарсыласы. Егер, Головкин айқастан бас тартса, IBF чемпиондық атақты қайтарып алуға құқылы.