Инсайдерлік мәмілесі үшін миллиардер 25 жыл түрмеде отыруы мүмкін

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Нью-Йорк соты инсайдерлік келісім жасады деп айыпталған Радж Раджаратнам ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Би-Би-Си орыс қызметі.

Инсайдерлік мәмілесі үшін миллиардер 25 жыл түрмеде отыруы мүмкін

Айыптау мәліметі бойынша, Шри-Ланкада туған қаржыгер заңсыз алынған биржалық ақпаратқа негізделген келісіммен 63 млн. доллардан астам пайда түсірген.

Galleon Group хедж-қорының басшысы болған Раджаратнам өзіне тағылған айыптардың барлық 14 пункті бойынша кінәлі деп табылды. Енді ол өмірінің 25 жылын түрмеде өткізуі мүмкін.

Компанияның тағы да 25 қызметкері де сот алдында жауап беруі тиіс.