Инспекцияның 2011 жылғы негізгі қызметі қорытындыланып, сондай-ақ 2012 жылға арналған жұмыстың жоспары қаралды
АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат. 2011 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары - Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі Қозы-Көрпеш Жаңбыршиннің төрағалық етуімен Қауіпсіздік Кеңесі инспекциясының кезекті отырысы болып өтті.
Талқылау барысында инспекцияның 2011 жылғы негізгі қызметі қорытындыланып, сондай-ақ 2012 жылға арналған жұмыстың жоспары қаралды.
Алдағы жылы инспекцияның қызметінде негізгі акцент Қарулы Күштердің, басқа әскерлер мен әскери құрылымдардың, құқық қорғау органдарының қойылған тапсырмаларды орындау дайындығына, олардың бюджеттік қаражаттарды мақсатты және тиімді пайдалануына қойылатын болады.
Отырыс қорытындылары бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.