16:21, 16 Желтоқсан 2018 | GMT +5
Instagram бақытты орын, үздік эмодзилер мен фанклубты атады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Instagram өтіп бара жатқан жылы ғаламшарымыздағы ең бақытты орынды ұсынды. Танымал әлеуметтік желі өз таңдауын қолданушылардың қойған смайликтері, геолокациясы мен хештегтерін талдай отырып, жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2018 жылы қолданушылар Жапониядағы Диснейлендте өздерін бақытты сезінген - Токиодағы Диснейлендте түскен суреттерінің астына бақытты смайликтерді көбірек қойған, деп хабарлайды Instagram-ның ресми сайты.
Бұдан бөлек, Heart Eyes ең танымал эмодзи атанды - қолданушылар түрлі жазбаларға пікір білдіре отыра, көздің орнында жүрекше тұрған смайликті 14 миллиард рет қойған.
#metoo, #timesup және #marchforourlives хештегтері кеңінен танылған, ал #inmyfeelingschallenge жұрттың сүйікті биіне айналған.
Fandom Community үздік жанкүйерлері атағын BTS (#btsarmy) оңтүстіккореялық K-POP бойбендінің жанкүйерлері иеленді.