Instagram-да видеоқоңырау болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жуық арада танымал Instagram әлеуметтік желісінің пайдаланушылары қосымша арқылы видеоқоңыраулар соғу мүмкіндігіне де ие болады, деп жазады techradar.com.

Instagram-да видеоқоңырау болады

Әзірленіп жатқан жаңа функция іOS және Android пайдаланушыларына бірнеше айдан кейін қолжетімді болады. Бірақ Instagram өкілдері бұл ақпаратқа пікір білдіруден бас тартып отыр.

Видеоқоңырау функциясы әзірше Instagram-ның бас компаниясы Facebook-тің басқа сервистерінде - Facebook Messenger және WhatsApp қосымшаларында бар.