Instagram дыбыстық хабарлама жіберу қызметін іске қосты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Instagram әлеуметтік желісіндегі Direct арқылы дыбыстық хабарламаларды жіберуге болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА The Verge-қа сілтеме жасап.
None
None

Енді Instagram-ды пайдаланушылар бір-біріне дыбыстық хабарламалар жіберу арқылы сөйлесе алады. Хабарламалардың ұзақтығы бір минуттан аспайды. Жаңарту iOS және Android пайдаланушылары үшін қолжетімді болды.

«Дыбыстық хабарламаны жіберу үшін Direct-тағы микрофон белгішесіне басып тұрып, хабарламаны жазып алу керек» деп жазады The Verge. Дыбыстық жолдау белгішені жіберіп қалғанда автоматты түрде жіберіледі. Егер пайдаланушы жазып алынған дыбыстық хабарламаны жіберуге сенімсіз болса, оны экранның сол жағындағы төменгі бұрышында орналасқан «кәрзеңкеге» жібере алады.

nullThe Verge Instagram-ның дыбыстық хабарламалар қызметін іске қосуды кеш бастағанын атап өтті. Әлеуметтік желінің иесі - пайдаланушыларының саны 1 миллиард адамнан асқан Facebook компаниясы өзінің Facebook Messenger-інде дыбыстық хабарламаларды әлдеқашан іске қосқан. Сондай-ақ дыбыстық хабарламалардың әңгімелесудің көп пайдаланылатын қызмет екені атап өтілді.

Айта кетейік, Facebook Instagram-ды 2012 жылдың сәуір айында сатып алған. 

Соңғы жаңалықтар