Instagram желісінде Қырғызстан президентінің ресми парақшасы ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Instagram желісінде Алмазбек Атамбаевтың ресми аккаунты ашылды. Бұл туралы Қырғызстан президенті аппаратының ақпараттық саясат бөлімінің меңгерушісі Алмаз Үсенов мәлім етті, деп хабарлайды kyrtag.kg.
None
None

«Таяуда ғана Instagram желісінде almazbek_atambaev_official нигімен президенттің ресми профилін құрдық. Оған қызығушылардың саны артты, аккаунтқа қазір 1 768 адам жазылды», - деді А.Үсенов.

Instagram желісінде atambaev _ official нигімен тағы да бір аккаунт тіркелген. А.Үсеновтің айтуына қарағанда, бұл жалған парақша екен.
«Бұрын біреу жалған профиль құрған болуы керек. Сондықтан біз ресми парақша ашу керек деп шештік. Instagram желісіндегі ресми президент парақшасын мемлекет басшысының қызметіне арнаймыз. Осындай аккаунттар Twitter, Facebook-те бар, сондай Youtubе видеохостингінде арнамыз ашылған», - дейді А.Үсенов.

Соңғы жаңалықтар