Instagram жоғалған сәтте адам өмірі қалай өзгереді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық киножұлдыздар Instagramда қалай танымал болу керектігінің құпиясын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматыда «Инстаграмщица» фильмінің түсірілімі өтіп жатыр. Сюжет бойынша Айнұр Instagram жұлдызы. Оның миллион жазылушысы бар. Бойжеткен Instagram арқасында тегін тамақ ішіп, тегін киім киіп, танымал болып келеді. Бірде Instagram жабылып, ол қиын жағдайда қалады.

Фильм авторлары күнде селфи түсіргіш қыздардың өмірін суреттегісі келді.

«Интернетте қыздар лайк жинап, жазылушы  тартуға тырысады. Қыз болсаң шешінуің керек. Жігіт болсаң жақсы әзіл айтуың керек. Бұл шынайы өмірдің көп бөлігін жаулап алады. Интернетсіз өмір бұдан да қызық екенін көрсеткіміз келді», - деді фильмнің бірлескен авторы Дархан Ақылбекұлы.

Басты рөлді сомдайтын Анар Батырханның өмірде де 900 мыңнан аса жазылушысы бар. Белгілі Ресей пабликтері де оның парақшасын репост жасаған. Олардың ішінде әнші Бьянка да бар.

«Q-елі сериалы басталғанда менде мүлде парақша болмаған. 2015 жылы рөлге тағайындалған соң маған аккаунт ашуға тура келді. Сериалдың екінші маусымынан соң аккаунтқа күніне 10 000 адамнан жазыла бастады»,- деді Анар Батырхан.

 Актриса Жүргенов атындағы Өнер академиясын қызыл дипломмен тәмамдаған.

«Мен бьюти блогер емеспін. Крем, сүрме, мейк ап суреттерін қоймаймын. Мен өзімнің талантымды көрсетуге тырысамын. Домбырада, гитарада ойнаймын. Үнді әндерін айтамын, образға кіремін», - деді А.Батырхан.

Со-продюсер, бас ер адамның рөлін ойнайтын Қуат Садықовтың Инстаграмда 27 мың жазылушысы бар.

Актер Серік Шәріп Инстаграмдағы өмірден шаршағанын айтты.

«2 жыл бұрын Instagram желісіне фанаттықпен қарайтынмын. Нұрлан Батыров екеуміз күлкілі роликтер түсіретінбіз. Бірақ қазіргі өмірімде әлеуметтік желіден шаршайтын кезең туды. Мен желіні ұмыта бастадым», - деді Серік Шәріп.

Оның айтуынша, қазір танымал болу қиын.

«Танымал болудың басты құпиясы жүйлеліліктен айнымау. Тек аккаунтты тоқтамай дамытудың арқасында жетістікке жетуге болады»,- деді актер.

Instagram туралы фильмді авторлар келер жылдың көктемінде көпшілікке көрсетпек.

Соңғы жаңалықтар
Референдум