«Институционалдық инвесторлар үшін корпоративтік басқару: жүзеге асырылмаған потенциал және жаңа мүмкіндіктер» деп аталатын жаңа кітап жарық көрді

АЛМАТЫ. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Нұрлан Сәрсеновтің «Институционалдық инвесторлар үшін корпоративтік басқару: жүзеге асырылмаған потенциал және жаңа мүмкіндіктер» деп аталатын жаңа кітабы жарық көрді,

«Институционалдық инвесторлар үшін корпоративтік басқару: жүзеге асырылмаған потенциал және жаңа мүмкіндіктер» деп аталатын жаңа кітап жарық көрді
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Еуропалық корпоративтік басқару институтының мүшесі, Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) Орталық Азиядағы корпоративтік басқару жобасының құқықтық сауалдар мен банктік реттеулер жөніндегі кеңесшісі, заң ғылымының кандидаты Нұрлан Сәрсеновтың бұл үшінші кітабы. Бұған дейін оның «Корпоративтік басқарудың өзекті сауалдары: түсіну мәселесі және озық тәжірибелерді Қазақстан жағдайында ұсыныстарды қолдану», «Кумулятивтік дауыс беру» деген монографиялары жарық көрді. Сондай-ақ өзге авторлармен бірігіп азаматтық құқық, акционерлік қоғам және корпоративтік басқару жөніндегі оқулықтар шығарды. Отандық және шетелдік түрлі басылымдарда бағалы қағаздар нарығын реттеу, корпоративтік құқық және басқару жөніндегі 50-ден астам мақалалар жазып, телевизиялық бағдарламаларда, конференциялар мен семинарда корпоративтік басқару жөнінде баяндамалар жасады. Бұл кітапта Нұрлан Сәрсенов Қазақстан үшін біршама жаңа және прогрессивті құбылыс болып табылатын инвесторлардың компаниялардың корпоративтік басқаруына белсенді қатысуын сипаттайтын «институционалдық активизмге» арналған. Онда автор оқырмандарды акционерлік активизим мәселелерімен ғана таныстырып қоймай, портфельдік компанияларға инвестордың корпоративтік басқаруының институционалдық типтік саясатын ұсынады. Ол ұсынылған материалдарының деңгейі бойынша отандық институционалдық инвесторлар, корпоративтік заңгерлер, хатшылар мен реттеушілер үшін аса құнды еңбек болмақ.