«Intel Core» 2-ші буын процессоры корпорация тарихындағы ең үлкен жетістік - Дмитрий Кисель

АЛМАТЫ. 18 наурыз. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда Intel корпорациясы Алматыда өткен арнайы көрмеде масс-медиа өкілдері мен Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы әріптестеріне «Intel Core» 2-ші буын процессорының таныстырылымын өткізді.

«Intel Core»  2-ші буын процессоры корпорация тарихындағы ең үлкен жетістік  -  Дмитрий Кисель

Қазақстандағы Intel компаниясының аймақтық директоры Дмитрий Кисельдің айтуынша, жаңа өнім корпорация тарихындағы ең үлкен жетістік. «Intel Core 2-ші буынының ( Sandy Bridge кодтты атаулы процессорлық микроархитектура) шығуы индустриядағы маңызды оқиға. Бұл процессор өз бойына ең үздік өнімдердің қасиетін және 3D-графиканың жаңа технологияларын жинаған. Процессор жетекші 32-нанометрлік технологияның барлық нормаларына сай шығарылған. Енді, графикалық ядро процессормен бірге бір кристалда ықпалдасатын болады»,-деді ол.

Көрмеде Intel® Quick Sync Video, жаңартылған Intel® Turbo Boost 2.0. технологиялары, сонымен қатар, 2-ші буын процессорларына жататын мобильді және үстелге арналған Acer*, Alser*, ASUS*, Lenovo*, Logycom* компьютерлерінің процессорлары және тағы да басқа аталмыш компанияның өнімдері таныстырылып, артықшылықтары мен ерекшеліктері айтылды.

Дмитрий Кисельдің айтуынша, жаңа өнімдер қолданушыларға жаңа үлкен мүмкіндіктер бермек.