Интерактивті жер телімдерінің картасы қарағандылық кәсіпкерлерге көмегін тигізуде
Карта https://mapkaraganda.atameken.kz/ интернет-ресурсында жарияланған. Бүгінгі таңда онда бизнес жүргізуге арналған 300 жуық жер телімдері бар. Аталмыш жаңашылдық кәсіпкерлерге өз жобаларын жүзеге асыруға бос орындар іздестіруде көмегін тигізеді. Онлайн режімде олар инфрақұрылыммен таныса алады (жылу желілері, сумен қамту және элект қуатының тартылуы).
Бұған қоса, ірі кәсіпорындардың бос тұрған алаңдарында бизнес-инкубатор ұйымдастыру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Сондай-ақ тоқтап қалған өнеркәсіптік нысандар мен банктерде кепілде тұрған, сатылатын нысандарды да көруге болады. Мұндай алаңдар аймақта 50 жуық.
Онлайн-карта жер қоры мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы ақпаратты анағұрлым мөлдір әрі қолжетімді ететіндігі тағы бар. Тізімде облыстағы 9 аудан мен 9 қаладағы аукционға қойылған немесе жақын арада сатылатын бос жер телімдері де көрсетіледі.
- Жүйе 2017 жылдың қарашасынан бері сәтті қызмет етіп келеді. Барлығы жыл басынан бері облыс бойынша бизнесті дамытуға 742 жер телімі берілген, оның 119-ы аукцион арқылы және 623-і байқау арқылы, - дейді Қарағанды облыстық Кәсіпкерлер палатасының жетекшісі Ернар Күлпейісов.
Бұған қоса, облыс әкімдігімен сайтты мемлекеттік органдардан қажетті ақпараттармен қамту мәселесіне қатысты белсенді жұмыстар атқарылып жатыр.
Айта кеткен жөн, карта үнемі жаңартылып, нысандар жайлы мағлұматтар мен оның сипаттамасы ұдайы беріліп отырады.