«Интергаз Орталық Азия» АҚ бірінші жартыжылдықты қорытындылады

АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдаған газының жалпы көлемі 51, 683 млрд. текше метрді құраса,

«Интергаз Орталық Азия» АҚ бірінші жартыжылдықты қорытындылады

оның ішінде ішкі тасымалдау көлемі - 4, 647 млрд., халықаралық газ транзиті - 41, 234 млрд., газды экспортқа тасымалдау көлемі 5, 801 млрд. текше метрге жетті. Бұл ақпаратты «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі таратып отыр.

Ведомствоның атап өтуінше, компания ағымдағы жылы 94 млрд. текше метр газ тасымалдауды көздеуде.

Бірінші жартыжылдықта «Интергаз Орталық Азия» АҚ -ның өз қаражаты есебінен күрделі салымдары 9 654, 9 млн. теңгені, оның ішінде өндіріске 8 525, 7 млн. теңгені құрады. 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 4 070, 6 млн. теңгені немесе 72 пайызға жетті. Сондай-ақ ағымдағы жылы компания АҚ өз қаражаты есебінен күрделі салым көлемін 40 112, 3 млн. теңгеге жеткізуді көздеп отыр. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында компания республика бюджетіне жалпы сомасы 6 241 млн. теңге салықтар мен төлемдерді төледі.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ магистральды газ құбырларын жөндеу мен жаңартуға бөлінетін қаржыны тұрақты түрде арттыруда және алдағы күндері жөндеу жұмыстарының қарқынын күшейтуді жоспарлап отыр. Бұл Қазақстанның барлық газ тасымалдау жүйесінің сенімділігін нығайтуға мүмкіндік береді. Газ тасымалдау жүйесі нысандарын қайта жаңарту және пайдалану барысында жаңа технологияларды қолдану, жоғары сенімділікті, үнемділікті әрі технологиялық үрдістерді кемелдендіруді қамтамасыз ететін заманауи құрылғыларды, тетіктерді, сондай-ақ құрал-жабдықтарды енгізу компанияның негізігі ұстанымы болып қала береді», делінген баспасөз хабарламасында.