Интернационалист-жауынгерге жеңіл көлік сыйға тартылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/  - Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Мұқанов облыстық ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Еркінбай Әлімқұловқа «ВАЗ-2106» жеңіл машинасының кілтін тапсырды.
None
None

Бұл іс-шара Ауғанстаннан Кеңес Одағы әскерлері шығарылуының 20 жылдығына арналды.

 Ауғанстанда соғысқан жетісулық жауынгерлер мен офицерлердің ерлік істерін, жоғары патриоттық сезімдерін атай отырып, облыс әкімінің орынбасары аймақ жастарына әскери-патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие берудегі сіңірген еңбектері үшін ардагерлерге үлкен алғысын білдірді.

«Ауғандықтарды» жаңа сыйлықтарымен құттықтай отырып, облыс әкімінің орынбасары осы көлікпен аймақ басшыларының облыстық ауған соғысы ардагерлері одағына көрсетілетін көмегі шектеліп қалмайтынын айтты. Жақында бірнеше ардагердің отбасыларына пәтерлер берілетінін болады.

«Жигули» жаңа көлігі облыс әкімі Серік Үмбетовтің өтініші бойынша демеушілердің қаражатына сатып алынды.

Соңғы жаңалықтар