Интернат қызметкерлерiнiң 40%-ы балаларды ұрып-соғады - А.Шәкiров

АСТАНА. ҚазАқпрат - Балаларға арналған интернат қызметкерлерiнiң 40%-ы заңға қайшы болса да, балаларды ұрып-соғады. Бұл туралы бүгiн тағдыр тәлкегiне түскен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және олардың құқықтарын сақтау мәселелерi жөнiндегi ортаазиялық диалог барысында ҚР Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл Асқар Шәкiров мәлiм еттi.
None
None

"Елiмiзде алаң тудырып отырған мәселенiң бiрi - балалар арасындағы суицид. Бiздiң мәліметімiз бойынша, интернаттағы балалардың 8,5%-ы өз дене мүшелерiне жара салады. Халықаралық сарапшылардың ойына жүгiнсек, суицид жасаған балалардың кем дегенде төрттен бiрiн құтқарып қалуға болады, яғни, олардың мiнез-құлқындағы өзгерiстердi, көңiл-күйiне көңiл бөлсе, олардың осы сұмдық ойын алдын ала бiлуге болады", - дейдi халықаралық зерттеулерге жүгiне сөйлеген А.Шәкiров.

Ал, адам құқықтары жөнiндегi уәкiл жан-жақты ынтымақтастық аясында балалардың құқығын қорғауға қатысты бiраз түйiткiлдер анықталғанын айтты.

"Бiз байқаған проблеманың бiрi - мемлекеттiк балалар интернатындағы балаларға қатысты зорлық-зомбылық. ЮНИСЕФ пен Норвегия елшiлiгi бiрге жүргiзген жоба аясында бiз 4 өңiрде 4609 баланы, 40 жетекшi қызметкер мен 40 мектептiң 917 мұғалiмiн сауалнамаға қатыстырдық. Сонда анықтағанымыз, осы сауалнамаға қатысқан балалардың 66,3%-ы мектепте қысым көретiндерiн, төбелеске куә болып немесе өздерi зорлық-зомбылыққа душар болғанын айтқан. Мына мәселеге мән берiңiздер, интернат қызметкерлерiнiң 40%-ы балаларды ұрып-соғады екен, бұл әрине заңға мүлде қайшы әрекет. Бұл құқық қорғау органдары тарапынан назар аударуды талап ететiн мәселе", - дедi А.Шәкiров.

Соңғы жаңалықтар