Интернет-алаяқтықтарды тергеу бойынша «Киберпол» мамандандырылған топтары құрылды

Криминалист
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – Енді барлық өңірлерде алаяқтықтарды тергеу бойынша «Киберпол» мамандандырылған топтары жұмыс істейтін болды. 

Алаяқтарды ұстау үшін мемлекеттік органдар, қаржы мекемелері және жеке сектормен өзара іс-қимылды күшейтуге баса назар аударылып отыр. Мұндай қылмыстарды анықтауға және ашуға, сондай-ақ ұйымдастырушылар мен қатысушыларды ұстауға бағытталған шаралар кешені іске асырылуда. ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында осылай деді. 

«Жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін іске асыру барысында 2023- жылдың соңында тек Астана қаласында 4 алаяқтық Call-орталық анықталып, жойылды. Олардың қызметкерлері тек жақын және алыс шет елдердің байланыс операторларының нөмірлеріне қоңырау шалғаны анықталды. Іздеу іс-шаралары барысында гарнитурасы бар 170-тен астам ноутбук, арнайы бағдарламалармен қорғалған желілік жабдық тәркіленді», - деп хабарлады спикер.

Еске сала кетейік, қазақстандықтардың қай елдің алаяқтарына жиі алданатыны туралы жазған болатынбыз. Сондай-ақ, жыл басынан бері 3 мың қазақстандық интернет алаяқтарға 4 млрд теңге беріп, сан соғып қалған. 

Соңғы жаңалықтар