Интернет алпауыт компаниялары желідегі тыңшылыққа қарсы шығып отыр
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Әлемдік алдыңғы қатарлы интернет-компаниялар дүниежүзілік желіні пайдаланушыларға тыңшылық жасау бойынша АҚШ-тағы және басқа да бірқатар елдердегі арнайы қызметтердің осындай тәжірибесін сынға алып отыр.
ВВС-дің жазуынша Google, Microsoft, Facebook және Twitter компаниялары АҚШ президенті Барак Обамаға жолдаған ұжымдық хатта қиянат жасауға жол беретін америкалық заңдарға өзгерістер енгізуге шақырып отыр.
Сонымен қатар хатта көптеген елдерде соңғы кездері ұлттық қауіпсіздік және адам құқығы арасындағы мүдделер теңгерімі мемлекет жағына қарай ығысып отырғандығы айтылған.
Айта кетейік, соңғы кездері арнайы қызметтің қашқын қызметкері Эдвард Сноуден жария еткен мәліметтерінде қауіпсіздік қызметтері жұмысының бірқатар қыр-сырын жайып салған болатын.