Интернет арқылы есірткі сатпақ болған қостанайлық ұсталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті «XXXoxoclub.biz ғаламтор-дүкені арқылы психотропты құралдардың заңсыз айналысына қатысы бар ҚР азаматы Д.Яковенконың заңсыз іс-әрекетін анықтап жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Интернет арқылы есірткі сатпақ болған қостанайлық ұсталды

Іс деректеріне сүйенсек, 2018 жылы ҰҚК департаменті Қостанай облысы аумағында синтетикалық есірткі сатуды жүргізген «XXXoxoclub.biz сайтын анықтаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған ғаламтор-ресурсын Д.Яковенко есімді азаматтың құрғаны белгілі болды. Оған қоса синтетикалық есірткіні Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкелген.

«2018 жылдың 5 қазанында «XXXoxoclub.biz ғаламтор-дүкені арқылы «пировалерон» психотропты құрал аналогының 0,5 грамы сатылған. Сол жылдың 14 наурызында Д.Яковенконың тұрғылықты мекенжайы бойынша тергеу амалдарының кешені өткізілді. Тінту барысында «пировалерон» психотропты құралы аналогының 5 грамм құрамы бар 5 «Zip-пакеті» табылып, тәркіленді. Жауап алуда Д.Яковенко өзінің Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына синтетикалық есірткі құралын өткізгенін және оларды онлайн-дүкен арқылы аймақта сатуға қатысқанын растады», - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

2019 жылғы 7 тамызда Қостанай қаласының №2 соты Д.Яковенконы ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі, 296-бабы 1-бөлігі және 297-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танып, 5 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді.