Интернет арқылы сатып алынған темір жол билетін үйге жеткізіп беру үшін 350 теңге төлейтін боласыз
АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астана мен Алматы қалаларында интернет арқылы сатып алынған темір жол билеттерін үйге жеткізіп беру қызметі 350 теңге көлемінде бекітілді.
Бұл туралы «Жолашуылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім етті.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқармасының 2011 жылғы 30 наурызындағы шешімімен ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Астана мен Алматы қалаларында интернет арқылы сатып алынған темір жол билеттерін үйге жеткізіп беру қызметі қосылған құн салығын қоса есептегенде 350 теңге көлемінде бекітілді», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінен анықтағандай, бұл - қала аумағындағы бір жеткізілімнің бағасы және оған сатып алынған билеттердің саны қосымша есепке алынбайды.
Еске салайық, бүгінде мемлекетішілік бағыттардағы 48 пойызға, ТМД елдеріне қатынайтын 25 және барлық қала маңы пойыздарына билеттерді интернет арқылы, нақты айтқанда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның www.pcentre.kz сайтынан сатып алуға болады. Интернет арқылы ресімделген билетті сондай-ақ вокзалдың билет кассаларынан және темір жол билеттерін сатумен айналысатын жекеменшік кассалардан, өзді-өзіне қызмет ету трансакциялық терминалдардан басып шығаруға болады.