Интернет арқылы сатып алынған темір жол билеттері астаналықтар мен алматылықтар үшін бір ай тегін жеткізіледі
АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - 2011 жылдың 15 желтоқсанынан 2012 жылдың 15 қаңтарына дейін Астана және Алматы қаларында Интернет арқылы сатып алынған темір жол билеттері клиенттерге тегін жеткізіледі. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім етті.
Компания темір жол билеттерін келесі сайттар арқылы сатып алуға болатынын еске салады: www.railways.kz , www.temirzholy.kz , www.pcentre.kz .
Жол жүру құжаттары үйге, кеңселерге Астана және Алматы қалаларының ішінде жұмыс күндері: Алматыда сағат 09.00-ден 17:00-ге дейін, Астанада сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жеткізіледі. Тапсырыс күн сайын сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін пойыз жөнелтілгенге бір тәулік қалғанға дейін қабылданады, билет пойыздың жүруіне 6 сағаттан кем емес уақыт қалғанша жеткізіледі.