Интернет арқылы жұмыс іздегендер саны бір айда 40% артқан
АСТАНА. ҚазАқпарат – HeadHunter платформасының мәліметі бойынша, маусым айында 200 мың қазақстандық интернеттен жұмыс іздеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Маусым айында Қазақстанның 200 мың тұрғыны hh.kz сайтында жұмыс іздеді. Бұл былтырғы маусым айындағыдан 183% көп. Тіпті өткен айдағыдан да 40% артық», - деп жазады деп жазады HeadHunter.kz.
Порталдың мәліметі бойынша, жұмыс іздеушілері ең көп қалалар мынадай:
- Алматы (түйіндемелердің 41%)
- Астана (20%)
- Шымкент (5,5%)
- Атырау (4%)
- Қарағанды (3,9%)
«Кәсіби салалардың ішінде сауда саласында жұмысшыға сұраныс көп. Екінші орынға бұл айда көлік және логистика саласы шығып отыр. Үшінші орында бухгалтерия, басқару есебі, кәсіпорын қаржысы саласы тұр», - делінген сараптамада.