Интернет кітапты алмастыра алмайды - Н. Назарбаев

АСТАНА.  5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Интернет кітапты алмастыра алмайды.  Бүгін Астанадағы Назарбаев университетінде «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты тақырыпта дәріс оқыған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастарды кітапты барынша көбірек оқуға шақырды.  

Интернет кітапты алмастыра алмайды - Н. Назарбаев

«Гарвард университетінің ұрандарының бірі мынадай: «Өмір бойына оқу - ендігі күнге балама емес, ол маңызды қажеттілік. Осыған байланысты сіздер алып отырған сапалы білім бастапқы интеллектуалдық капитал ғана. Сіздерге үздіксіз еңбек етіп, білімді жетілдіру, кәсібилікті шыңдап, құзыреттілікті ұдайы арттыру керек», - деді Елбасы. 

Осыған орай, Мемлекет басшысы барлық білім алушыларды белсенді түрде еңбек етуге, жан-жақты болып, спортпен шұғылдануға, өнерге қызығуға,  ғылыммен, тілдерді меңгерумен айналысуға шақырды. Отандық және әлемдік әдебиетке терең бойлауға үндеді. «Интернет кітапты алмастыра алмайды. Жақында мен «Кім кітапты көп оқыса сол интернетте отырғандарды басқаратын болады» дегенді оқыдым. Бұны да ескеріңіздер. Интернетке кіріп кеткендердің, кітап оқуы қалып бара жатқандай. Ең бастысы, барлықтарыңыз лайықты өмір, мен игіліктің бәрі, жаңа белестерді бағындыру - тек еңбек арқылы келетінін біліңіздер», - деді Н. Назарбаев.