17:58, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Интернет мәселелеріне бағытталған заң жобасы талқыланды
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қатысты жұмыс тобының отырысы болып өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған заң жобасында ақпараттық-коммуникациялық желілерде деректерді беруді реттеудің жаңа тетігі ұсынылады. Сонымен бірге, жоба бойынша «Ақпараттандыру туралы» заңдағы «web-сайт», «интернет ресурс» секілді сөздерге нақты түсініктемелер қамтылып, бұл шараның өзі әлемдегі интернет-технологияның даму деңгейімен сәйкестендіру мақсатында жасалып отыр. Сонымен бірге, заң жобасындағы бірқатар нормалар отандық және шетелдік интернет-ресурстар бойынша таратылатын ақпараттардың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Соған сәйкес, ұлттық заңнамаға қайшы келетін ақпарат анықталған жағдайларда, сотқа міндетті түрде талапты енгізумен осы ақпаратты жариялауды тоқтата тұру туралы шешім прокуратура органдарымен қабылданатын болады. Заңнамаға сәйкес келмейтін ақпараттың жариялануын тоқтату туралы прокуратура органдарының шешімі провайдерлерге барлық ақпараттық-коммуникациялық желілерде аталған ақпаратқа қол жеткізілімін соттың шешіміне дейін тоқтатуға мүмкіндік береді.
Заң жобасына сәйкес шетелдік интернет-ресурстарында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін ақпаратты орналастыру туралы өтінім сот іс-жүргізудің негізгі тәртібінде сотпен қаралатын болады. Осындай өндіріс бастапқы кезеңде жауап берушінің болмауын болжайды.
Интернет желісінің қазақстандық сегментінде орналасқан сайттарға қатысты істерді қарау іс-жүргізудің талабының тәртібінде жүзеге асырылатын болады. Заң жобаны қабылдау ақпараттық-коммуникациялық желілерде деректерді беру үдерісіндегі қатынасты заңнамалық реттеудің қағидаттарын сапалы өзгертуге әкеледі.